Кеше жексенбі, 14 қазан күні "іріңді менингит" диагнозымен Маңғыстау облыстық ауруханасына түскен сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық денсаулық басқармасы хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек күні сағат 17.00-де №6656 әскери бөлімінің 21 жастағы жауынгері ауыр жағдайда Маңғыстау облысының ауруханасына жеткізілген болатын. Оған «менингоэнцефалит, іріңді менингит» диагнозы қойылған болатын. Сол кезде МО Денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс инфекционисті Гүлбану Аманжолова «Бұл жұқпалы ауруға жатпайды және ауамен де тарамайды» деген болатын.
9 қазан күні Маңғыстау облыстық ауруханасы сарбаздың жағдайы өте ауыр екенін хабарлаған еді. Он төрт күн бойы аурухана дәрігерлері қажетті ем-домды жасағанымен, оның өмірін құтқара алмады.