©
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі youtube әлеуметтік желісіне Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшы орынбасарының ұсталған видеосы жариялады, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты.
https://www.youtube.com/watch?v=sfzagNreU0MБұған дейін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ұлттық бюроның департаменті Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары ұсталғанын хабарлаған болатын.
"Құжаттық салық тексеру актісі бойынша қосымша есептелген салық сомасын төмендетуі үшін бір азаматтан жалпы сомасы 10 миллион теңге ірі көлемдегі пара алған. Пара берушіге де қатысты сотқа дейінгі тексеру жүруде. Күдіктілер соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Агенттік сонымен қатар 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығының 17,7%-ға аз тіркелгенін хабарлады. Биыл да бұл көрсеткіш төмен деңгейде сақталып отыр. Мәселен, 8 айдың ішінде тіркелген сыйбайлас жемқорлық фактісі былтырғы жылмен салыстырғанда 10,1% аз.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет архивтен