Бұл туралы Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Оқиға 26 шағынаудандағы «НВЕР» дүкенінде болған. Белгісіз бір азамат мұқтаждарға арналған қайырымдылық жәшігін ұрлап, камераға түсіп қалған. Күдікті сол күні ізін суытпай ұсталды.
Бұл ер адамның іс-әрекеті Ақтау қалалық Ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеудің ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-тармағымен(ұрлық) бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Оқиға бойынша қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.Асылзат ӨСЕРҚЫЗЫ
Скриншот видеодан алынды