©
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Братиславада өтіп жатқан «челленджер» сериясындағы Ondrej Nepela Trophy-2018 халықаралық турнирінде қысқа бағдарламаны сәтті орындап шықты, - деп хабарлады mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz сілтеме жасап.
Спортшы өз бағдарламасын қатесіз орындап шықты. Қазылар оның бағдарламасын 69.99 ұпай деп бағалады.
Жарыс күнінің соңында Тұрсынбаева тек жапондық Рика Кихираға ғана жол беріп, жалпы тізімде екінші орынды алды. Үшінші орынды 65.03 ұпаймен ресейлік Станислава Константинова алды.
Бүгін 21 қыркүйек күні Элизабет Тұрсынбаева өзінің еркін бағдарламасын ұсынуы тиіс.