"Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Хиросима турнирінен екінші айналымға шықты" , - деп хабарлайды Kazinform ақпарат агенттігі.
Осы турнирдің алтыншы, әлемнің 65-інші ракеткасы З.Дияс алғашқы матчын дүниежүзілік рейтингте 86-орында тұрған испаниялық Сара Соррибес-Тормомен өткізген болатын. Зарина бірінші партияда 6:2 есебімен айқын басымдылық танытса, екінші сәтте де дәл солай - 6:1 болды.
Кездесу бір сағаттан аса уақыт болды. Жүлде қоры 250 мың АҚШ долларына бағаланған турнирдің екінші айналымында Зарина Дияс Украина елінің өкілі, әлемнің 123-інші ракеткасы Катерина Козлова немесе рейтингте 231-інші сатыдағы қытайлық Чжан Юйсюаньның біреуімен кездесіп, ширек финал жолдамасын сарапқа салатын болады.
Айта кетейік, Хиросима турнирі 16 қыркүйек күні мәреге жетпек.Сурет Kazinform сайтынан алынды