«Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы болып Думан Қожахметов тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Мауберлинова «Қазконтент» АҚ ұжымына жаңадан тағайындалған басқарма төрағасы Думан Қожахметовты таныстырды.
Сондай-ақ вице-министр акционерлік қоғамның бұрынғы басшысы Евгений Кочетовқа кәсібилігі мен атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, Думан Қожахметов Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қоғаммен байланыс» және Михаил Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттің университетінің «БАҚ экономика және менеджмент» мамандығы бойынша білім алған.
Сондай-ақ Қожахметов «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамында, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі лауазымында және жеке медиакомпанияларда басқарушы қызметтерде еңбек еткен. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген.