Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай "25 игі іс" атты республикалық акциясының аясында Маңғыстау облысының жастар мәселесі бастқармасының қолдауымен Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 27 маусым күні «Манила» демалыс жағажайында «28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесіне арнап Маңғыстау облысының жергілікті БАҚ қызметін жүзеге асырып жүрген жас журналистерді марапттау және ауыз ашар кеші өтті.
Өңіріміздің түпір-түпкірінен келген тілшілер «Манила» демалыс жағажайында ауыз ашар уақытына дейін жаздың жаймашуақ күніне қыздырынып, теңіз жағалауында түрлі спорттық ойындарға атсалысып сонымен қатар катамаранмен теңізге серуендеп бір күндік мерекелік көңіл күймен күн соңында Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.
Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығы