Ақтау қалалық ІІБ қылмыстық полиция бөлімі із-түссіз жоғалған қос азаматқа іздеу салды.
Олардың біріншісі - Амантурлыев Орынбасар Кожалепесулы. 1995 жылы 9 тамызда Өзбекстанда дүниеге келген, ҚР азаматы, Мұнайлы ауданының тұрғыны.
Үйден шыққанда үстінде ақ түсті футболкасы, ақ түсті джинсы шалбары, ақ сүйретпесі, қолында қоңыр түсті сөмкесі болған.
Айрықша белгілері: Бойы 175-180 см, арық денелі, қара шашты. 2018 жылғы 26 шілдеде Ақтау қаласы 26 шағынауданда орналасұан жұмыс орнынан шығып, үйге келмеген.
Борашов Еламан Канатұлы - 1995 жылы 23 қыркүйекте Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР азаматы, Ақтау қаласының тұрғыны.
Үстінде сұр футболкасы, көк түсті джинсы шалбары, қара түсті сандалы болған. Айрықша белгілері: бойы 170-175 см, арық денелі, қара шашты. 2018 жылы 7 маусымда үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған.
Ақтау қалалық полициясы аталған азаматтар туралы қандай да бір ақпарат білгендерді 8 (7292) 47-48-27, 47-48-25 телефондарына хабарлауды сұрайды. Кезекші бөлімнің телефоны: 8 (7292) 47-48-02 немесе 102. Ұялы тел: 8 778-666-27-72.