©
Ер адамның мәйітін демалушылар «PR» ресторанының маңында скутерден тапқан. Олар бірден полиция қызметкерлеріне хабарласқан. Бұл жөнінде Жедел құтқару жасағы басшысының орынбасары Бауыржан Абайұлы мәлімдеді.
Оқиға 29 шілде күні болған. Мамандардың айтуынша, марқұм ішімдік ішкен болуы мүмкін. Ол тыйым салынған аймақта суға түскен.
«Ер адамның денесі шамамен сағат 16:58 кезінде табылған. Құтқарушылар келгенше демалушылар мәйітті теңіз жағасына шығарған. Мәйіт полиция қызметкерлеріне берілді. Жанында құжаттары болмағандықтан, көз жұмған адамның кім екені әзірге анықталған жоқ. Сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр », - дейді Бауыржан Абайұлы.
Еске сала кетейік, бұған дейін төтеншеліктер Ақтауда суға түсуге қауіпті аймақтарды белгілеген болатын.