Биыл Құрбан айттың бірінші күні 21 тамыз – сейсенбі күніне сәйкес келеді. Бұл күні бес күндік еңбек аптасымен жұмыс істейтіндерге демалыс жарияланған.
Одан бөлек тамыздың 4-5, 11-12, 18-19 және 26 жұлдыздарында күнтізбедегі сенбі-жексенбі заңды демалыс күндері бар.
Конституция күніне орай күнтізбеде 30 тамыз, яғни бейсенбі күні демалыс деп белгіленген. Сол себепті сенбі, яғни 25 тамыз жұмыс күні болып жарияланып, ондағы демалыс 31 тамыз, жұмаға ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар 30-31 тамыз (бейсенбі, жұма) және 1-2 қыркүйек (сенбі-жексенбі) күндері қатарынан 4 күн демалады.