Маңғыстау облысының әкімдігі мен Украинаның «Арсенал-Киев» ФК арасында Маңғыстау футболын дамыту үшін спорт саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Меморандум аясында өңірдегі футболды дамыту, "Каспий" футбол клубы мен Украинаның "Арсенал-Киев" арасындағы әріптестікті күшейту. Сонымен қатар маңғыстаулық таланты жас футболшылардың шеберлігін шыңдау үшін шетелдік клубтарға жолдама беру және инфрақұрылымды дамыту көзделген.
Маңғыстау тұрғындарына тосын сый болған тағы бір жаңалық аталмыш меморандум шеңберінде «Каспий» футбол клубының 2 ойыншысы – Алтынбек Мырзабек (2000 жылы туылған, Маңғыстау политехникалық колледжінің студенті) пен Жанболат Нұрғазиев (2000 жылы туылған, «Келешек» колледжінің студенті) «Арсенал-Киев» ФК-мен келісім-шарт негізінде іріктеуден өтіп, жолдама алып отыр.
- Қазіргі алға қойған басты мақсатымыз "Каспий" футбол клубының республикалық аренада бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Сонымен қатар, аталмыш клубымыздың бірінші лигада үздік өнер көрсетіп, алдыңғы қатарда көрінуіне ықпал етуді көздеп отырмыз. Жұмысымыз нәтижелі болу үшін бапкерлік құрамды таңдауды басты назарға алуымыз керек. Облысымыздағы футболды жүйелі түрде дамыту мақсатында әртүрлі жастағы командаларды дайындауды бір жолға қоюымыз қажет. Сол үшін бүгін біз шетелдік мамандарды, атап айтсам, "Арсенал-Киев" футбол клубының президенті зораатиялық Ивица Пирич пен "Арсенал-Киев" футбол клубының спорт директоры Владимир Рибичті өңірімізге арнайы шақырттық, - деді Ералы Тоғжанов.
Меморандум аясында екі жақты келісімге келіп, алда атқарылатын жұмыстар жоспарланды. Нақтырақ айтсақ, футболшыларды арнайы бағдарламамен оқытып дайындау, футболды бұқаралық сипатта дамыту және маркетинг саласы бойынша бірлесе жұмыс жасауды қолға алу керектігі айтылды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА,
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="58484,58482"]