©
15 жастағы қызды алып қашқан Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінің тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл жөнінде Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады.
Осы жылдың сәуір айында 21 жастағы жігіт үйленбек болып кәмелет жасына толмаған ауылдас қызын алып қашқан. Енді ол осы әрекеті үшін 5 жылға бас бостандығынын айырылуы мүмкін.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Түлеп ұшқан мектебіне музыкалық аппаратураны сыйға тартты«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 122-бабы 1-бөлігі (Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол МО ІІБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді»,- делінген баспасөз хабарламасында.
Ал, жігіт қылмыскер емес екенін, алып қашқан қыздың желтоқсанда 16-ға толатынын алға тартуда. Олар 2 ай бойы бірге тұрған.