Бүгін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Маңғыстау облыстық филиалы «Ашық есік күнін» өткізді. Мұнда зейнетақы жарналары, төлем жүйесіндегі өзгерістер төңірегіндегі сұрақтарды тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Ашық есік күніне» салымшылар, алушылар мен зейнетақы саласы туралы кеңірек білгісі келетін басқа да азаматтар қатысты. Оларға алдымен зейнетақы жүйесі жайлы презентация ұсынылып, кеңінен түсінік берілді. Артынша тұрғындар зейнетақы саласына қатысты сұрақтарын қойып, мамандардың кеңесіне жүгінді.
-Біздің бүгінгі кездесуіміздің тақырыбы – зейнетақы жарналары және жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы әдістермен таныстыру. Зейнетақы жарналарының үш түрі бар. Біздің мамандарымыз бүгін бұл төңіректе жан-жақты толығырақ айтып береді. Қордың салымшыларына мен алушыларға зейнетақымен қамсыздандыру саласына қатысты өзге де кеңестер беруге дайынбыз. Көбінесе салымшыларды «Зейнетақымыз 1 шілдеден бастап қалай өзгереді?» деген сұрақ алаңдатады. Қазір екінші жарты жылдықтан бастап базалық зейнетақы өзгеріп жатыр. Бұрын жылдық төлемді бірыңғай қылып алуға болатын. Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап ол жүйе алынып тасталып, ай сайынғы төлем ғана берілетін болды. Осыған қатысты да сұрақтарға мамандарымыз жауап береді, - дейді Зейнетақы қоры Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Әбдманап Есбаев.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Алғашқы ұстаздардың бірі — Үбіния ҚазақбайұлыҚор мұндай шараға деген халықтың қызығушылығын ескеріп, оны өткен жылдан бері әр тоқсан сайын өткізуді қолға алған. Бұл күні ел тұрғындары БЖЗҚ филиалдарына келіп, сауалдарына жауап ала алады. Бір жыл ішінде «Ашық есік күніне» 20 мыңнан астам адам қатысқан.
«Әрбір «Ашық есік күнінде» 200-дей тұрғын келеді деп шамалағанмен, 300-400 адам келіп сұрақтарын қойып, кеңес алады», - дейді мамандар.
Сондай-ақ қазір БЖЗҚ-да көптеген қызмет түрлерін электронды қызмет арқылы алуға болады. Қордың сайты мен мобильді қосымшасы арқылы әрбір тұлға өз жинағын бақылап, толық ақпарат алып отыруына мүмкіндік бар.
«Ашық есік күнін» тек Ақтау қаласында емес, аудандарда да өткізу жоспарланған. Бұған дейін Жаңаөзен қаласы тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="56496,56495"]