Ақтау гарнизоны әскери сотында Ақтау гарнизонының әскери прокурорының, Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің мемлекеттік сот орындаушысының, Маңғыстау облыстық округінің жеке сот орындаушысының, Маңғыстау облыстық округінің жеке сот орындаушысының және тілшінің қатысуларымен сотта қаралған қылмыстық, азаматтық істер бойынша шығарылған сот актілерінің орындалу барысы жөнінде, яғни бақылауда тұрған істердің орындалу барысының деңгейін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелді ашқан Ақтау гарнизоны әскери сотының төрағасы М.Алдабергенов:- Бүгінгі дөңгелек үстел тақырыбында қозғап отырған маңызды мәселеміз, бұл азаматтық және қылмыстық істер бойынша мемлекет пайдасына өндірілген шығындардың бүгінгі күнге дейін толық орындалмай жатқаны, яғни мемлекет бюджетіне қаражаттың түспеуі сот жүйесінің беделіне орасан зор нұқсан келтіруде. Атап айтсақ, қазіргі таңдаАқтау гарнизоны әскери сотының бақылауында тұрған 11 азаматтық және 18 қылмыстық іс бар. Аталған істер бойынша сот шешімімен атқару парақтары шығарылып, орындауға барлық құзырлы мекемелерге уақытында жіберілген. Тоқсан сайын аумақтық сот орындаушылармен салыстырма жасалып, басқа аймақтарға ЭҚАБД бағдарламасы немесе пошта арқылы жолдануда, алайда, сот актілерінің орындалу барысы мардымсыз. Атап айтсақ, 24.10.2012 жылғы Ақтау гарнизоны әскери сотының шешімімен борышкер Ғ.К.Кузамовтан талапкер 6656 әскери бөлімінің пайдасына 110.829 теңге өндіру жөнінде атқару парағы жолданған. Алайда, осы уақытқа дейін атқару парағының орындалу барысы туралы мәлімет жоқ- деп атап өтті.
Қозғалып отырған мәселе бойынша қазіргі таңда орындауда жатқан атқару құжаттары қатаң бақылауға алынды.
Сондай-ақ, борышкер Е.Жахановқа қатысты атқару парағы туралы тоқталатын болсам, борышкердің жалақысынан және өзге де табысынан 50 % ұстау жүргізу туралы қаулы шығарылып, мекемесіне жолданылды. Алайда, аталған мекеме жалақысынан 10-15 % ұсталуда. Мекеменің қаржы бөлімінің маманымен сөйлесу барысында жалақыны Алматыдағы бас мекеме аударатыны, яғни не себепті оның жалақысынан 50 % ұсталмай отырғанын білмейтінін айтты. Қазіргі таңда осы мәселенің себебін анықтау үшін жоғарғы мекемесіне хат жолданды. Борышкердің айтуы бойынша отбасылық жағдайына байланысты айыппұлды қазіргі уақытта толық төлеуге мүмкіншілігі жоқ. Борышкердің ауызша айтуынша ол осы сәуір - мамыр айларында айыппұлдың жартысын жауып беруге туысқандары көмектесетінін айтты. Егер ешқандай нәтиже болмаса басқа шара қолданамыз.
Маңғыстау облысы Әділет Департаментінің мемлекеттік сот орындаушысы Е.Отаров