Бүгін облыс ұстаздары ағылшын тілі курсынан өткендігі жөнінде сертификаттарға ие болды. Марапаттауға «Swiss American Academy» президенті Махвиладзе Георгий және Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Руслан Сакеев қатысып, маңызды құжатты табыстады.
2017 жылдың қазан айында облыс әкімінің қолдауымен өңіріміздің ауыл мектептерінде жұмыс істейтін физика, информатика химия және биология пәні мұғалімдерін ағылшын тіліне қашықтан оқыту жобасы басталған еді.
-Елбасының үш тілділікті дамыту саясатына байланысты арнайы қаражат бөлініп, шетелдік ағылшын тілін оқыту жүйесін енгіздік. Қаражатты облыс әкімдігі қаланың мүмкіндігі жоғары екенін ескеріп, ауыл мұғалімдеріне беріп отыр. Қаланың ұстаздары мен оқушылары ғаламтормен, басқа да технологиялармен жадықталған. Былтыр оқыған 300 мұғалімге қоса тағы 200 маманды оқытуды жоспарлап отырмыз. Неғұрлым тілді тез меңгерсек, соғұрлым біздің баламыз, болашағымыз, облысымыз жоғары деңгейде боларына сенімдімін, - дейді МО әкімінің орынбасары Руслан Сакеев.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Медиацияның көмегімен отбасын сақтап қалдыБүгін осы жобаның алғашқы кезеңі қорытындыланып, «Swiss American Academy» авторлық білім беру бағдарламасы бойынша онлайн тіл үйренген физика, информатика, химия, биология пәндері ұстаздары өз деңгейлерін аяқтады. Академияның президенті Махвиладзе Георгий Жобаның І кезеңінің нәтижесін баяндады.
- Оқытуды 2016 жылы бастадық. Ол кезде Қазақстан бойынша 2 мың педагог сабақ алды. Осы жылы облыс бойынша 308 мұғалім тіл меңгеру курсын оқыды. Өткен жылы қазан айында бірінше рет тест қабылдағанда 186 педагог ағылшын тілінің алғашқы деңгейінде болды. 175 мұғалім А1-ден А2 деңгейіне көтерілді. Бұл өте жақсы нәтиже. Ал қалған деңгейлерді мамыр-тамыз айларының аралығында оқытатын боламыз. Мұғалімдермен қоса жаттықтырушылармен де жұмыс істейміз. Олар үшін арнайы Британиядан мамандар шақырдық, - деді ол.
Бүгінгі жиында 150 ұстаз сертификатпен марапатталды.
Айта кетейік, курстан 17 мұғалім әртүрлі себептермен сертификат ала алмаған. Дегенмен алдағы уақытта олардың қайтадан оқуына мүмкіндік берілді.
Мұнайлы ауданы №8 жалпы білім беру орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жадыра Нұрғазиева да бүгін В1 дәрежелі сертификатқа ие болды.
-2013 жылдан бері мұғалімдік қызмет етіп келемін. Ағылшын тілі курсын қазан айынан бастап оқыдым. Бүгін В2 деңгейлі сертификатқа ие болдым. Сабақты әлі де жалғастырамыз. Алда С1 және С2 кезеңдері қалды. Оқу барысында әртүрлі жаттығулар орындап, бірнеше тест тапсырмаларына жауап бердік. Оны тәжірибе барысында үнемі қолданып отырамыз, - дейді ол.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="53299,53298,53296,53295"]