Арнайы мониторингтік топ жетекшісі, қоғам қайраткері Айгүл Соловьева мемлекеттік мекемелерде смартфон ұстау тыйымын алып тастау керек деп есептейді. Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлімдеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ол жемқорлықтың алдын алу шараларын талқылау бойынша кездесуде облыстық әкімдікте сөз сөйледі. Айгүл Соловьеваның сөзінше, күндіз жұмыстарымен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер смартфондарына тек кешке ғана қол жеткізе алады. «Келеңсіз жағдай немесе балаларға жедел көмек қажет керек болса?», — дейді баспасөз қызметі өкілдері.
Мұның алдында Қазақстанда соттарға смартфон алып кіру рұқсат етілгені хабарланған. Соттарда смартфон ұстау тыйымы 2016 жылы 2 маусымда салынған.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Иммундау жайлы алты жалған пікір