ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жанынан «Арнайы мониторингтік топ» құрылды. Қазір арнайы топ Қазақстанның барлық өңірін аралап жүр.
23-25 сәуір аралығында Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет сапасын бақылайтын болады. Олар өңірлік Департаментпен бірлесіп, Ақтау, Жаңаөзен қалаларын, Қарақия, Мұнайлы, Бейнеу аудандарынның халыққа қызмет көрсету орталықтарын, мемлекеттік кірістер, денсаулық сақтау, жер қатынастары, коммуналдық қызмет және т.б. мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды араламақ.
-Өңірлердегі көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызмет сапасы қандай деңгейде? Халық соған риза ма? Қандай кемшін тұстарымыз бар? Мемлекеттік қызметшілердің бейәдеп қылықтары бар ма? Осының барлығын жұртпен бірге жұмылып, сараптау мақсатында арнайы топ құрылды. Қазіргі таңда көрсетілетін 746 мемлекеттік қызметтің 60 пайызы электрондық партал арқылы қолжетімді болып отыр. Яғни бұрын бір құжатқа бола ауылдан ат терлетіп келген ағайын енді оны үйінен шықпай-ақ 10-15 минутта алатын жағдайда. Топ осы ақпарат қаншалықы халыққа жетіп жатқанын бақылауға алады. Сонымен қатар, агенттік қазір барынша ашықтықты қалап отыр. Әлеуметтік желі арқылы агенттіктің төрағасы өзі бастап жеке парақшалар арқылы елдің ұсыныс, пікірлерін тыңдауға құлықты екенін айтқымыз келеді, - дейді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі департаментінің директоры Бердалин Арман.
Делегация халық көп шоғарланған орындарды аралап, олқылық байқаған бойда мекеме басшылығына ұсыныстарын жеткізіп жатқанын айтады. Бұдан соң оны облыстық мониторингтік топ бақылайтын болады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: 7 жасар ақтаулық шахматшы Азия чемпионатында қолаға ие болды-2016 жылмен салыстырсақ, 2017 жылы жемқорлық 18 %-ға төмендеді. 180-нен астам елдің ішінде біз 131 сатыда тұр едік. Былтырғы қорытынды бойынша 122-сатыға көтерілдік. Бұл сатыға көтерілу арқылы жемқорлық жайлаған, ең қауіпті деген елдердің қатарынан шықтық. Алдағы мақсат – жүздікке ену, одан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу, - дегенді айтты Департамент басшысы.
Арнайы топ бұған дейін Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда облыстарын аралап келдік. Батыс өңірлерді аяқтаған соң Шығысқа бет алмақ.
Қазір 100 мыңнан астам мектеп оқушысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал ұрпақ» еріктілер тобына қабылданған. Сонымен қатар, республика көлемінде «Адал жол» эстафетасы жүріп жатыр. Оның қорытындысы жыл соңында белгілі болмақ.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ