Станцияны ашу жұмыстары 2008 жылы басталған. Құрылысы ұзаққа созылған нысан қыркүйек айына дейін пайдалануға берілмек. Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов станцияда болып, жоба жұмысын бақылап қайтты.
-Сарқын суларды тазалау станциясын аяқтау – көптен шешімін таппай келе жатқан мәселе. Ералы Лұқпанұлы мұны қолға алып, қысқа мерзімде іске қосуға мүмкіндік туды. Қаланың солтүстік бағытына, жоғары жақтағы шағын аудандарға арнайы салынып жатыр. Көлемі 70 мың шаршы метрге арналған. Екі этаптан тұрады: біріншісі – 40 мың, екіншісі – 30 шаршы шақырым. Қазір бірінші этап іске қосылу сатысында. Қыркүйек айына дейін қосамыз деп жоспарладық. Жұмыстар 95 пайызға аяқталды. Кейбір детальдары жетіспеуіне байланысты кішкене бөгеліп тұр. Іске қосқан соң қаладан шығып жатқан 20 мың шаршы метр шамасындағы суды осында бағыттаймыз, - дейді облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Сапар Аманбеков.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «Мәңгілік алауға» өз қаржысымен жөндеу жүргізуге ниет білдірген (ВИДЕО)Ал бұған дейінгі ескі станция өз қуаттылығына сай жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар Мұнайлы ауданының орталығы – Маңғышлақта да осындай жоба әзірленіп жатқанын айтты басқарма басшысы.
Айта кетейік, бұл жобаға жергілікті бюджеттен 4,5 миллиард теңге қарастырылған. Қалдық сулар тазаланған соң, көгалдандыру жұмыстарына, «Қошқар ата» көліне жіберілмек.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ