©
№9 автокөлік жолының кеңейтілуіне байланысты, дүйсенбі 09 сəуірден бастап 22 шағынаудан базар жанындағы №9 жəне №14 автокөлік жолдары жабық болады деп Ақтау қаласының əкімдігі хабарлаған болатын.
Осыған орай, жөндеу жұмыстары жөнінде нақты ақпарат алу үшін құзырлы орындармен байланысып, тұрғындар көкейіндегі №9, 14 жолдардың қай тұстар екенін де сұрадық.
«12 шағынаудан Бекет Ата мешіті жанындағы қиылысты өткен жылы кеңейттік. №9 жол сол мешіт тұсынан басталып, «Николай» ТЖО орналасқан қиылысқа дейін барады. Ал №14 жол айналма жолдан ҰҚК, қалалық ІІБ жанындағы бағдаршамға дейін», - деді «Акжол+К» ЖШС директорының орынбасары Сержан Құсайынов.
[caption id="attachment_51346" align="aligncenter" width="960"] Сурет Ақтау қаласы әкімдігінің фейсбук парақшасынан алынды[/caption]Әзірге жөндеу жұмыстарының қашан аяқталатыны белгісіз. Өйткені:
«№14 жолдың жөндеу жұмыстарына «Қала жолдары» ЖШС жауапты, ал бізге №9 жол қарасты. Тек жолды жөндеп қана қоймай, барлық газ, су құбыры, кәріз жүйелерін ауыстырамыз, сондықтан уақыттың көп бөлігі соған кетіп жатыр. Коммуникациялық жұмыс аяқталған соң үстіне толығымен асфальт төселеді. Құбырлар Кеңес одағы кезінде орнатылған, ескі болғандықтан жөндеу қашан аяқталатынын нақты айта алмаймыз», - дейді Сержан Құсайынов.
Сондай-ақ ол аталған жолдың 15 метрге кеңейтіліп, төрт жолақты болатынын да жеткізді.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Мұнайлыда бесінші мешіт ашылды