Ақтау қаласындағы Индустриялық парк аумағына 4 жоба бойынша инвестиция тартылды. Бүгін Қазақстан мен Үндістан компанияларының өкілдері парк аумағында бас қосып, бірлескен жобаның тұсауын кесті. Бұдан бөлек Жаңаөзен қаласында тағы екі зауыттың құрылысы басталмақ.
Осыған байланысты үндістандық GMR (ДжеМар) мекемесінің құрылтайшылары Кививи Рао мен Эсвара Рао, Ранджит Синг бүгін Маңғыстау өңіріне арнайы келді. Қос тарап ынтымақтастық жобаларды ойдағыдай іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.
«South Caspian Operating Company»» ЖШС-мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жол картасы әзірленді.
«Жобаларды тиімді орналастыру мақсатында «Маңғыстау индустриялдық паркі» ЖШС маңындағы бос жатқан 30 га жер телімі қосымша бөлініп берілді. 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теңгені құрайды. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Индустриалды аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар бойынша инвестиция көлемі 162,4 млрд. теңгені құрайды, 210 жұмыс орны ашылатын болады», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Аймақта бұған дейін де бірнеше кәсіпорындар ашылған. Дегенмен бұл жолғы нысанға ірі көлемде инвестиция тартылған. Мақта-мата шығаратын зауыт та өңірімізде алғаш салынғалы отыр.
- 4 жобаның құны 360 млрд теңгеден астам, ал жалпы Жаңаөзендегі 2 жобамен қоса алғанда 500 млрд теңгеден асады. Бүгін мақта-мата өндіретін фабриканың ашылуына келіп отырмыз. Қазір алғашқы іргетасы қаланбақ. Ал қалған зауыттар кешенді түрде жүзеге асырылатын болады. Жалпы құрылыс кезеңінде 1000-нан астам, жобалардың барлығы іске қосылғаннан кейін 850-900 жұмыс орны ашылады деп жоспарлап отырмыз, - деді «Каспий» ӘКК басқарма төрағасының міндетін атқарушы Лесбек Құралбайұлы.
Айта кетейік, зауыттардың құрылыс жұмыстары биылға, ал іске қосу 2019 жылға жоспарланған.
«Маңғыстау индустриялық паркі» ЖШС аумағында төмендегідей жобалар жүзеге асырылмақ:
1.Текстиль зауыты жылына 32,4 мың тонна иірілген жіп шығармақ. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Құны 97 млрд. теңгені құрайтын нысанды 2019 жылдың мамыр айында пайдалануға беру көзделген. Қазақстандық және ішінара Өзбекстандық шикізат қолданылып, шырағылған өнім Түркия, Үндістан және Еуропа елдеріне жеткізілмек.
2.Қуаты 2х50 МВт Газ турбиналық станциясының құрылысы. Пайдалану барысында 200 адамды жұмыспен қамтымақ. Станцияны 2019 жылдың шілде айында ашу жоспарланған.
Жаңаөзен қаласының индустриалдық аймағында іске асырылатын 2 инвестициялық жоба:
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="51254,51253,51251"]