©
6 желтоқсан күні кешкі 20:00 шамасында Ақтау-Жаңаөзен тас жолының Жетібай бағытында 1990 ж.т. азаматтың басқаруындағы «Renault Duster» маркалы автокөлігі мен 1992 ж.т. азаматтың басқаруындағы «Меrcedes-benz Astros» маркалы жүк автокөлігі соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алды. Екі көлік те оқиға орнында жанып кеткен.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Renault Duster» маркалы автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстық іс қозғалды.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде.