Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Бапиев Талғатбек Әнуарбекұлы тағайындалды. Ол 1969 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауылында дүниеге келген.
Екі жоғары білімі бар: 1996 жылы Семейдің мемлекеттік медицина институтын, 2013 жылы Қазақ Ұлттық аграрлық университетін емдеу ісі, дәрігер, менеджмент бакалавры бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы Семей қаласының №3 перзентханасында дәрігер-анестезиолог қызметінен бастаған.
1997-2010 жылдар аралағында Алматы қаласында дәрігер, ғылыми қызметкер, гемодиализ бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2010 жылдан бастап Алматы қаласындағы «Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» кәсіпорнының бас дәрігері болды.
Талғатбек Бапиев - медицина ғылымдарының докторы. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы. Денсаулық сақтау саласының үздігі, Қазақстан және Қырғыз Республикасы Хирургтар қауымдастығының мүшесі, Ресей Диализді қауымдастығының мүшесі, Еуропа трансплантологтар қауымдастығының мүшесі.
Жиында облыс әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметтерімен құттықтап, жұмыстарына табыс тіледі.