©
«Рухани жаңғыру» аясында «Қазақстанның 100 есімі» жобасы қолға алынған болатын. Мақсат – еліміздің дамуына үлес қосқан азаматтарды насихаттау, сол арқылы қоғам санасын рухани жаңғырту. Респубиликалық деңгейде дауыс беру арқылы жоба нәтижесінде 102 жеңімпаз анықталды. Олардың қатарында спортшылар, дәрігерлер, белсенділігімен көзге түскен кәсіпкерлер мен ғалымдар, қоғамда және мәдениет саласында қызмет еткен тұлғалар бар. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына дауыс беру 18 қазан – 10 қараша аралығында өтті. Онлайн-дауыс беруге 302 кандидат ұсынылып, үміткерлер қызмет саласы бойынша 6 санатқа бөлінді. Олар: ғылым саласында – 45, спортта – 42, қоғамда – 86, медицинада – 46, мәдениетте – 37 және бизнес саласында 46 үміткер ретінде тіркелді. Ұсынылған кандидаттар елдің барлық өңірлерін қамтыды. ҚР тұңғыш Президенті күні қарсаңында жоба жеңімпаздары анықталып, марапатқа бөленді. Елбасы «Қазақстанның100 есімі» жеңімпаздарымен кездесіп, құттықтауын білдірді. Жобаға Маңғыстаудан барлық санат бойынша 47 үміткер қатысқан болатын. Нәтижесінде Талғат Мұқантаев (медицина) пен Владислав Трифонов (қоғам) басым дауыс жинап, 100 есім қатарына қосылды. Олардың өмірбаяны, еңбек жолы төмендегідей: Талғат Мұқантаев - дәрігер, хирург Ол 1965 жылы 3 қазанда Қазақстан республикасы, Форт-Шевченко қаласында хирург-дәрігердің отбасында дүниеге келген. Қазақ. Медициналық институтта оқу барысында, ол ақтөбелiк облыстық ауруханасының хирургия бөлімінде, медициналық аға ретiнде еңбек жолын бастаған. 1988 жылы Ақтөбенің Мемлекеттiк медициналық институтының емдiк факультетiн ойдағыдай бiтіріп, Маңғыстау облыстық ауруханасында шұғыл медициналық жәрдем беру бөлімінде хирург-дәрiгер болып жұмыс iстедi. 1992 – 1995 жылдар аралығында РАМН Ғылыми хирургиялық орталықта клиникалық ординатурада оқып (Москва қ.), профессор А.Ф. Черноусовта, асқазан, өңештің жарақаттары және хирургиялық жолмен емдеу мәселесіне арналған медициналық ғылым кандидаты диссертациясын ойдағыдай қорғады. Ординатураны бітіргеннен кейін, 1995 - 2000 жалдары (Ақтау қ.) Маңғыстау облыстық ауруханасында хирургиялық көмек бойынша бас дәрігердің орынбасары болып қызмте етті. 2000 ж. осы больницада жалпы және видеоэндоскопия бөлімін негіздеп және басқарған. 2006 - 2009 жылдары Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс жасап отырып облыстың алдағы медициналық мекемесін еуропалық стандартқа сай бастамашылыққа алып және масштабты қайта құруын шындыққа ойдағыдай іске асырды. Қазіргі таңда, облыстың штаттан тыс бас хирургі, облыстық ауруханада видеоэндоскопиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істейді. (Алматы қ.) А.Н.Сызганов атындағы НЦХ, (Ақтобе қ.) М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық академиясы, (РФ) Йошкар-Ола қ., (РФ) Казань қ., (Германия) Дюссельдорф қ., (Чехия) Прага қаласындағы клиникаларда, (Москва қ.) Б.В.Петровский атындағы РАМН ғылыми хирургия орталығында урология және гинекология, гепатобилиар жүйесi, асқазан-iшек жолы аурулары видеоэндоскопиялық хирургияға арналған мамандандырудан бірнеше рет өттi. Медицинаның көкейтестi сұрақтарына арналған халықаралық және республикалық конференцияларының тұрақты қатысушысы. Талғат Естұрғанұлы медицина ғылымының кандидаты, жоғары санатты хирург, жоғары білікті маман. 29 жылдық еңбек өтілінде Маңғыстау облысында 6 000 адамға ота жасаған. Облыста бірінші рет, хирургия және урологияда, асқазан және өңештің ауыр сырқаттарына ең жоғары күрделі әр түрлі реконструктивті оталарды, видеоэндоскопиялық оталарды ойдағыдай атқарған. Тәжірибелі дәрігер 4 000нан астам видеоэндоскопиялық ота жасаған. Облыста эндохирургияның дамуына үлес қосқаны үшін «Алтын эндоскоп» Құрметтi халықаралық марапатымен марапатталды (Карл Шторц, Германия, 2012ж.). Ресей Федерациясының эндоскопиялық хирургтар Ассоциациясының және эндоскопиялық хирургтар Қазақстан Ассоциациясының Құрметті мүшесі болып табылад. (2011ж.) Т.Е.Мұқантаев есiмі Маңғыстау облысының белгілі тұлғаларының энциклопедиясына енген. Маңғыстау облысы денсаулық сақтау ісінің дамуына зор үлес қосқаны үшін, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің, Маңғыстау облысының әкімінің, облыстық денсаулық сактау басқармасы бастығының алғыс хаттарын иеленген. 2014ж. облыс көлемінде Т.Е.Мукантаевқа «Жыл адамы» құрмет атағы берілді. НурОтан партиясының мүшесі. Облыстық маслихаттың 4-ші шақырымының депутаты болған. «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 20 жыл» үкiмет медалімен, «Маңғыстау облысының 35 жылдығына» медалімен марапатталған. Владислав Трифонов – Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі Бірінші топтағы мүгедек боласа да, үнемі айналасындағы адамдарға көмектесіп келеді! Ол тағдырдың тауқыметіне қарсы тұрды, бойындағы жігер мен қайсарлық оны алға жетелеп, Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына дейін әкелді. Владислав Трифонов 1972 жылы өмірге кеген. 15 жасында Владиславтың көзі көру қабілетінен 99 % айырылады. Көз жанарының көруі нашарлағаны үшін ол 1-топтағы мүгедек атанады. Алайда Владислав тағдырдың сынағына қарсы тұра білді. Шевченко қаласындағы техникалық училищеге оқуға қабылданып, «слесарь» мамандығын меңгерді. Мүгедектігіне байланысты кәсібі бойынша жұмыс істей алмайтындықтан, 1994 жылы Ақтау қаласының «Меридиан» медицина колледжіне «фельдшер» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін 23 жыл бойы мануалды терапия маманы болып жұмыс істеді. Владислав 2008 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейіннен жекеменшік заң компаниясын ашты. Қаладағы 5 мемлекеттік Денсаулық сақтау мекемесінде заңгер болып жұмыс істеген. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті» ММ заңгер болып жұмыс істейді. 2006 жылы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау үшін Қоғамдық қор ұйымдастырып, соны басқарды. Қор көптеген әлеуметтік жобаларды жүзеге асырды. 2014 жылы Владислав Трифонов Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сапасын арттыруға барынша үлесін қосуда. Ол өте қарапайым, мейірбан, ісіне жауапты жан. 2016 жылы «METROPOLITAN BUSINESS SCHOOI» мемлекеттік сектордағы менеджмент мамандығын меңгерді. 2017 жылы Мәскеудегі «Синергия» МВА Университетінде Іскерлік басқару магистрі атанды. ҚР Әділет министрлігінің алғыс хатымен марапатталған. Маңғыстау облысы әкімінің медалі, параолимпия қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат, «Балаларға денсаулық» ҚҚ Алғыс хатымен марапатталған.