- Бүгінгі таңда балалардың жағдайы - өте ауыр, аппаратта. Өкінішке қарай, 10 жасар қыздың аяқ жарақаты өте қауіпті болғандықтан, ампутация жасауға тура келді. Мұны айтудың өзі қиын.
Бұған дейін айтып өткеніміздей, 9 адам оқиға орнында тілге келместен қаза тапты.
- 27 адам жедел жәрдеммен Жаңаөзен қалалық емханасына әкелініп, оларға дер кезінде көмек көрсетілген. 9 адам реанимацияға, 18 адам травмотология бөліміне түсті. 9 адамның бүгінгі таңда 3-еуі облыстық орталыққа тасымалданды, 1-еуі облыстық аурухананың нейрохирургия бөліміне жеткізілді. Жаңаөзен бойынша реанимация бөлімінде жатқан 6 адамның 1-еуіне аппарат қойылған. Қалған науқастар аппараттан ажыратылғанымен жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты, - дейді Клара Оралбаева.
https://youtu.be/Ptm_7C_QQQs Сонымен бір мезетте 27 адамға көмек қолын созу үшін Жаңаөзендегі демалыста болған барлық дәрігерлер мен медбикелер жұмысқа шыққан, облыстан келген бас дәрігерлер де бар. Сондай-ақ, ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен Астанадан балалар травмотологы мен хирург маман Маңғыстауға келді.- Кешкі рейспен келген астаналық дәрігерлер Жаңаөзенге жетіп, таңғы 4-ке дейін науқастарға емдік зерттеуін жасады, - дейді Клара Оралбаева. Жаңаөзен дәрігерлері қойған ем-домына Астана мамандары келісімін берді.
Айгүл ДӘДЕН
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ