Басылым: Қазақ тілінде
1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым: Орыс тілінде
«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.
Басылым: Қазақ тілінде
1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
Басылым: Қазақ тілінде
«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.
Басылым: Қазақ тілінде
1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.
Басылым: Қазақ тілінде
«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.
Басылым: Қазақ тілінде
1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.
Басылым: Қазақ тілінде
«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.
©
Бұл туралы сайтымыздың Жаңаөзендегі тілшілеріне Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Раушан Жапарова айтып берді.
Раушан Жапарованың мәлімдеуінше, "Газель" маршруты мен тепловоздың соқтығысуынан 27 адам зардап шеккен. Қазіргі таңда 8 адам өте ауыр жағдайда жан сақтау бөлімінде жатыр. Барлығы да жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. 17 адам травматология бөліміне орналастырылған. Бір адам облыстық санитарлық авиацияның көмегімен Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілген.
https://youtu.be/kySnXcGv8ps- Зардап шеккендердің барлығы ауруханаға политравмамен түсті. Яғни, жабық бас сүйек-ми зақымы, мидың қозғалуы сияқты бір не екі жарақат. Сонымен қатар, жан сақтау бөлімінде жатқандарда іштің тұйық жарақаты бар. Травматология бөлімінде орташа ауыр жарақат алғандар, бас сүйек-ми зақымын алғандар жатыр, - деді ол.
Зардап шеккендердің арасында балалар мен жасөспірімдер де бар, олардың үшеуі - жан сақтау бөлімінде.
- Жаңаөзен қалалық денсаулық сақтау жүйесінің барлық күші жұмылдырылды. Анестезиолог, реаниматолог, травматолог, нейрохирург, хирургтар мен үш операциялық блок толықтай жұмылдырылды. Санитарлық авиацияның көмегімен облыстан бригада келді, құрамында облыстың бас нейрохирургі, облыстың бас хирургі, облыстың бас травматологы мен санитарлық авиацияның бастығы бар. Ақтаудан келген мамандармен бірге барлық зардап шеккендерге дәрігерлік қарау жүргізілді. Сонымен қатар, науқастарды одан әрі емдеу тактикасын анықтау мақсатында кеңейтілген консилиум өтті. Қазір жан сақтау бөлімінде жатқан әрбір науқастың қасына жеке кезекші қойылды, - деді Р. Жапарова.
Сонымен қатар, дәрігерлер науқастар мен қаза тапқандардың отбасымен кездесіп, психологиялық көмек көрсеткен.
- Қазіргі таңда Жаңаөзен қаласында 8 жедел жәрдем көлігі бар. Жағдайы аса ауыр науқастарды ауруханаға жедел жәрдем жеткізді, ал жағдайы орташа ауыр науқастарды қаланың емдеу-профилактикалық мекемелерінің көліктері жеткізе бастады. Ешқандай дүрлігу болған жоқ: шақыру түскен бойда жедел жәрдем ауруханаға бірден хабарлап, біз науқастарды қабылдауға дайын отырдық, - деп атап өтті Раушан Өтелгенқызы.
Баласы Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының травматология бөліміне келіп түскен Бибігүл есімді келіншек былай дейді:
- Балам Райымбек сабақтан келе жатқанда осындай жағдайға ұшырапты. Естіген бойда ауруханаға жеттік. Дәрігерлер қарап жатыр. Балам оқиғаның қалай болғанын білмейді, тек "пойыз" дей береді. Тепловозбен соқтығысқанда "Газельден" ұшып кеткен екен.
25 қараша күні уатсап әлеуметтік желісінде ауруханаға түскен науқастарға шұғыл қан керектігі туралы мынадай жазба тарап кеткен болатын.
Бұл туралы Жаңаөзен қалалық қан орталығының операциялық медбикесі Мөлдір Серікбай былай деді:
- Бүгінгі жол апатын естіп, бізге қан тапсыруға көптеген адам келді. Қан, плазма - жеткілікті мөлшерде, сұралғаны беріліп жатыр. Қажет болған жағдайда дүйсенбі күні хабарланатын болады.
Медбикенің айтуынша, қан тапсырғысы келетін адам өзімен бірге жеке куәлігін алып жүруі керек. Донорлар қан тапсырардан бұрын майлы тамақ жемеуі тиіс.
Теңге ауылы маңында тепловоз бен "Газель" көлігінің соқтығысуына қатысты "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ өзінің ресми сайтында пікірін жариялады.
"Ағымдағы жылдың 25 қарашасында сағат 14.20-да Маңғыстау теміржол бөлімшесінің Өзен-Болашақ учаскесіндегі өткелде тепловоз бен "Газель" көлігі соқтығысты. Өткелдің сигнализация құрылғысы жұмыс істеп тұрған. 60 шақырым/сағат жылдамдықпен жүріп келе жатқан тепловоздың машинисі жолдан көлікті көріп, шұғыл тоқтау тежегішін іске қосқан. Бірақ соқтығысуды болдырмау мүмкін болмаған. "ҚТЖ" ҰК" АҚ арнайы комиссиясы оқиғаның себебін тергейтін болады", - делінген.Жол апаты кезінде барлығы 36 адам болған, қазір олардың 27-сі ауруханада ем алып жатыр.
Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз қызметі жол-көлік апаты салдарынан 9 адам қаза тапты деп хабарлады. Бұған дейін алты адамның қайтыс болғаны туралы айтылған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4 бөліміне сәйкес (абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде.
Видеоларды түсірген 7292info.kz Жаңаөзен қаласындағы тілшілері
https://youtu.be/9FksKVNc7pQРедакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.
Алдыңғы жаңалық
Келесі жаңалық
Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.