Lada.kz хабарлауынша, жол апатынан он адам зардап шеккен.
4 қарашада күндізгі уақытта Ақтау-Таушық тасжолының 110-шақырымында екі көлік соғысқан. Бұл туралы Маңғыстау облысының Апаттар медицина орталығы хабарлаған.
Орталық қызметкерлерінің сөзіне сүйенсек, бұл оқиға шамамен сағат 14:00-де болған. Екі көлік соғысып, салдарынан 10 адам зардап шеккен. Олар Таушық ауылындағы ауруханаға жеткізілген.
Зардап шеккендердің бірі өте ауыр жағдайда жатыр. Қазір жол апатының мән-жайы анықталуда.