©
«Мен бүгінгі замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына да назар аударуды ұсынамын. Бұл идеяны «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы іске асырған жөн» деген еді Елбасы «Рухани жаңғыру» мақаласында. Осыған орай, қазір еліміздің 100 жаңа есімін анықтау үшін 100esim.el.kz сайтында онлайн дауыс беру қарқынды жүріп жатыр. Оған Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдері ұсыныла алады. Әр өңірден спорт, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина және қоғам аталымдары бойынша белсенді тұлғалар дауысқа түсуде. Барлығы 302 таңдаулының 32-сі - мәдениет, 83 - қоғам, 51 - бизнес, 46 - медицина, 47 - ғылым және 43 - спорт саласының өкілдері. Ал Маңғыстау облысынан 47 есім ұсынылған екен. Атап айтар болсақ, медицина саласында Талғат Мұқантаев, Құрман Қайранов, спорт саласы бойынша Ербол Жанабергенов, Маргарита Кунинова, Халид Халидов, Қайрат Сарымсақов, Сұңғат Жұбатқан, Меруерт Дымбаева. Мәдениет саласындағы Сабыр Адай, Светқали Нұржан, Алқажан Еділханов, Аймұрат Таңатов, Рахат Қосбармақов, Мэлс Қосымбаев, Серік Сариев сынды белгілі тұлғалар қатарын Абылай Тілепбергенов, Бердібек Құлғараев, Асылбек Жаңбырбай, Нұрым Асқанов сынды жас өнерпаздар толықтырған. Ғылым саласында Автандил Гавашелишвили, Батыржан Мансұров ұсынылса, кәсібін дөңгеленткен Зарета Фаталиева, Ирина Беляева, Раушан Байменова т.б. кәсіпкерлер бизнес аталымы бойынша ұсынылған. Қоғам санаты бойынша да тізімнен бірқатар өңірге белгілі тұлғаларды кезіктіреміз. Мысалы, Қайролла Ережепов, Итемген Орынбаев, Қонақбай Бисешов, Владислав Трифонов, Раиса Маденова, Ербол Еділов, Татьяна Лесниченко, Ғалымжан Күзембаев, Жанар Ибраева т.б. 18 қазанда басталған дауыс беру 10 қараша күні аяқталады. «Қазақстандағы 100 жаңа есімге» енуге лайық деп тапқан тұлғаңызға дауыс бере аласыз.Теңге БЕКМҰРЗАЕВА