Бүгін Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде ұстаздар күніне арналған салтанатты шара өтті.
Оған облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, мемлекеттік орган өкілдері, мәслихат депутаттары, білім бөлімдерінің және білім беру ұйымдарының басшылары, облыс педагогтары, ардагер ұстаздар қатысты.
– Құрметті ұстаздар, құрметті салтанатты жиынға қатысушылар! Кәсіби мерекелеріңіз – Мұғалімдер күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Ұстаз – барлық уақытта өз биігінде, өз тұғырында қала беретін биік тұлға. Ол болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Ұстаз бақыты – озып туған шәкірті дейді. Елімізді әлемге паш ететін дарынды да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін. Кемел білім берудегі еңбектеріңіз жана берсін, - деді өз құттықтауында облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев.
Мерекелік шарада білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген педагогтар «Ыбырай Алтынсарин», «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Сондай-ақ, салтанатты жиында «Үлгілі педагог отбасы» сайысының жеңімпазы Мұнайлы ауданы №5 орта мектептің мұғалімі Меңдіғалиев Талғаттың отбасы марапатталды. Сонымен қатар, ардагер ұстаздар және Бақыт Балұлының педагогикалық жанұясына да естелік сыйлықтар табысталды.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="38147,38148,38153,38152,38150,38145,38143,38144,38149,38146"]