5 қазан мұғалімдер күніне орай Жаңаөзенде қала әкімінің қолдауымен ұстаздарға ақ дастархан жайылды.
Философ Аристотель: «Балалар берген тәрбиесі үшін қарыздар болатын ұстаздар, балалар өздерін дүниеге әкелгені үшін алдында қарыздар болатын ата-анадан құрметтірек: біреуі балаларға өмір сыйласа, екіншілері оларға мағыналы өмір сыйлайды» дейді. Билік басында отырған да, адамның денсаулығына араша түсіп жүрген де бәрі бәрі алғаш білім нәрін мектептен, алғашқы ұстазынан алған. Осы шараны ұйымдастырған жандар да соның ішінде. Бар уақытын балалардың сауатын ашуға, білімді тұлға болып қалыптасуына арнап жүрген ұстаздарды қалай құттықтаса да лайықты. Салтанатты жиынды балалар саз мектебінің оқушылары «Ұстазым» әнімен ашты. Алғаш құттықтау сөз кезегі қала әкімі Елубай Әбіловке беріліп, ақ тілектер арналды. Өз сөзінде қала әкімі қаламыздағы білім беру саласына ерекше үлесін қосып жүрген №18, №8 және №3 жалпы білім беретін орта мектептер мен «Айзере», «Шапағат» және «Мереке» балабақшаларын атап өтті. Оқушылардың білім сапасы мен жетістіктерін арттыру мақсатында талмай еңбектеніп жүрген мектеп-гимназия математика пәні мұғалімі Жәнібек Сәрсенов, мектеп-лицейдің химия пәнінің мұғалімі Ғайша Қосманова, №17 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Балкүрең Демеуова, №3 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімі Гүлбаршын Құлжанова, №1 рта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Гүлнар Ағатаеваның есімдері ерекше аталып өтті. Келесі кезекте қалалық «Үздік педагог-2016» байқауының II орын иегерлері №17 орта мектептің биология пәні мұғалімі Мұқтар Сәрсенов пен №25 «Толағай» балабақшасының тәрбиешісі Алмас Тәжібаева қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталып, 70 000 теңге сертификат табысталды. Аталған байқаудың бірінші орнын қанжығалаған №15 орта мектептің технология пәні мұғалімі Жұлдыз Сәулебай мен «Үздік мектепке дейінгі педагог-2016» байқауының жеңімпазы Гүлбаршын Жауғаштиеваға, қалалық, облыстық «Үздік педагог отбасы» сайысының жүлдегері Шамовтар отбасына, «Табиғатпен үндес мектеп» байқауының жеңімпазы №2 орта мектеп ұжымына, «Табиғатпен үндес балабақша» байқауының жеңімпазы №21 «Назерке» балабақшасына қала әкімінің «Алғыс хатымен» 100 000 теңгелік сертификат табысталды. Оқушылары 2014-2016 жылдар аралығында қалалық Мағжан, Махамбет, Әбіш оқулары байқауларының облыстық «Маңғыстаунама-2016» байқауының, республикалық Мұқағали Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» байқауының жүлдегерлері атанған Қарлығаш Жалғасбаева Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін Құрмет Грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ, оқу-тәрбие үрдісіндамытуда өзіндік үлесін қосып, жаңа инновациялық технологияларды қолданып, жақсы нәтижеге қол жеткізіп жүрген ұстаздар Жаңыл Наурызова, Ұлжан Құттыбаева, Айжан Елешова, Зәуреш Үсенова, Күміс Лұқпанова, Қарлығаш Кәрімова, Ақалқан Ембергенова, Гүлбану Сақпазова, Гүлбаршын Жолмұратова, Ақмаржан Рубилова, Ұмсынай Сүндетова, Дариға Сабатаева мен Айман Ходжаеваға облыс әкімінің «Алғыс хаты» мен қаржылай, заттай сыйлақтары табысталды. Шәкірттері облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі байқауларда жүлдегер атанған Нұрлыхан Қалиева, Дина Хасенова, Жексенбай Чайканов, Забира Шарманова мен Антика Жомартова, «Мұнай-газ ісі өндірісі» мамандықтары бойынша республикалық оқу-әдістемелік бірлестігінің шығармашылық тобының мүшесі Рая Қуатова, шығармашылық және іскерлік қабілетімен ерекшеленген Клара Түркменбаева, педагогикалық іс-тәжірибесі облыс көлемінде таратылған Гүлсім Әби, көркем гимнастиканы қала көлемінде насихаттап, салауатты өмір салтына баулудан танбаған Жәмилә Байғұлова,іскерлік қабілеттерімен ерекшеленген Зоя Аронова, Нұрсұлу Қарақұлова, Айна Құрбанбаева, Салтанат Қараева, Назгүл Шырақбаева, Қарлығаш Өрнекешова мен Айгүл Зәруоваға қала әкімінің «Алғыс хаты» мен заттай сыйлығы табысталды. Ардагер ұстаздар Гүлбарам Тоқбанова мен Бесмағанбетоваларға қалалық білім бөлімінің құттықтауларын табыс етті.
Тағы оқыңыздар: 12 жасар Олжас толқыннан энергия алу тәсілін ойлап таптыМарапатталған ұстаздарды Жаңаөзен қалалықардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Қуандық Бекмағанбетов, қалалық білім бөлімінің басшысы Тәттімбет Жұмалиев, қаламызға қонақтап келген спортшылар Серік Әбдіналиев, Ермахан Ыбрайымов пен Әділбек Ниязымбетовтар құттықтады. Қазір шөп те – ән, шөңге де – ән, аузын ашқанның бәрі әнші деген пікірлер жиі кездесіп жатады. Алайда, сөздерін қиыннан қиыстырып, сазына дәл түсіре орындай білетін әншілер біздің қаламызда жоқ емес. Кез-келген жиынның көркін келтіріп, киім үлгісімен, сахна этикасымен көздің жауын алып, құлақтың құрышын қандыратын күміс көмейлер бар бізде. Жанар Нұрмұханова, Алтын Сағындықова, «Керуен» тобы, Италияда өткен «Мелос» халықаралық конкурсының жеңімпазы Айнұр Шүкірова мен Мұрат Өскінбаев атындағы Балалар саз мектебінің оқушылары ұстаздар кешінің сәнін келтіре ән шырқады.