©
Білім басқармасының сенім телефонына күн сайын 5-8 қоңыраудан келіп түседі екен. Басқарма басшысы оның басым бөлігі мектептердегі ақша жинау мәселесіне қатысты екенін жеткізді.
-Біз мектептерде ақша жинауға болмайтыны жөнінде барлық жерде хабарлама береміз. Бірақ өкінішке қарай, ата-аналар комитетінің тарапынан ол мәселенің тоқтамай келе жатқанын байқап отырмыз. Ата-ана демеушілік көмек ретінде жасауға мүмкіндіктері бар. Ол үшін мектептердің жанынан қамқоршылық кеңестерін құруды міндеттеп жатырмыз. 15 қазанға дейін уақыт берілді, барлық мектептерде қамқоршылық кеңестері құрылуы керек, - деді Зейнеп Жұмағалиқызы.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА