Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға бағытталған және ауданның 10 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары аясында Басқұдық ауылында «Дені сау ұрпақ – ұлт болашағы» ұранымен 2003-2004 жылы туған жасөспірімдерарасында шағын футболдан ауыл әкімінің кубогы үшін облыстық ашық турнир өтті.
Аймақ бойынша 6 команданың футболшылары сынға түскен сайысты ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы Өсер Тлепов алғы сөзбен ашты.
Тағы оқыңыздар: Мектеп медиациясы қандай дауларды шешеді?
Жарыс қорытындысы бойынша III орынды Басқұдық БЖСМ-2 командасы, II орынды Жетібай спорт мектебі иеленсе, I орынды Басқұдық БЖСМ-1 тобы қанжығаға байлады. Ойыншылардан Жылқыбек Насихат «Үздік шабуылшы», Жалғас Абылай «Үздік қақпашы», Әміржан Өтенов «Үздік қорғаушы» және Мағжан Тәжіғали «Үздік ойыншы» аталымдарын алды. Жеңімпаздар ауыспалы кубок, медаль, бағалы сыйлықтармен марапатталды.