Маңғыстау облысы ІІД Әкімшілік полиция қызметкерлерімен ІІД Жергілікті полиция қызметі және Ақтау ҚІІБ қызметкерлерімен аймақта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде «нөлдік төзімділік» бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Маңғыстау облысы ІІД Баспасөз қызметіның хабарлауынща, 2017 жылдың 8 ай қорытындысымен облыс бойынша 36 мың 172 құқықбұзушылық анықталып, тіркелген.
Осыған сәйкес 123 млн. 265 мың 916 теңгеге айыппұл салу туралы 18 мың 497 қаулы шығарылып, оның 65 млн. 932 мың 542 теңгесі өндіріліп, өндіру көрсеткіші 53,49 % құраған.
Соның ішінде «нөлдік төзімділік» бойынша төмендегідей анықталды:
- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру (ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы)-44;
- Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 408- бабы) -229;
- Ұсақ бұзақылық (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы)- 2030;
- Тыныштықты бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы)- 1935;
- Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы) -7729;
- Жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 44- бабы) -5905;
Тағы оқыңыздар: «Caspi Leader Camp» форумы басталды (ФОТО)- Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы) -2699;
- Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын аббатандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ, қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру (ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы) -4985.