Жаңаөзен қалалық сотында талап қоюшы «Өзенжылу» ММК-ның жауапкер Н-дан 51964 теңге коммуналдық қызмет үшін қарыз ақша және сот шығындарын өндіру туралы азаматтық іс қаралды, - деп хабарлайды Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 145-бабының 1-бөлігінің 1) тармақшысына сай іс оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен қаралған.
Сотта талапкердің коммуналдық қызметін көрсету жөнінде міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалғаны, ал жауапкердің коммуналдық қызметі үшін төлемақыны өтемегіні анықталды.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 272-бабына сәйкес міндеттеме-міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс деп көрсетілген баптар негізінде Жаңаөзен қалалық сотының шешімімен талап қоюшы «Өзен жылу» ММК-ның талабы толық қанағаттандырылып, жария шарт бойынша коммуналдық қызмет үшін төлемақы қарызы өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.