Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов парламенттік тыңдау барысында латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында және жаңа әліпбиде қанша әріп болатынын айтты.
"Жаңа әліпбидің жобасын ойластыру кезінде бірінші кезекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Осылайша, 25 әріптен тұратын әліпбиді ұсынып отырмыз. Әліпби мынандай принципке негізделді: бір әріп - бір дыбыс, бір әріп - екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Әліпбиде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында сегіз диграф қосылды. Яғни, ерекше 8 дыбыс қосылды", - деді Ербол Тілешов.Айта кетейік, Тілешов филология ғылымдарының докторы және ол латын әліпбиіне көшу мәселесін зерттеумен айналысқан жұмыс тобында қызмет етті.
"Латын әліпбиін, әсіресе, жастар жақсы қолдана алады. Жазып үйрену ол уақытпен келеді. Ал жаңа әліпбидің бірыңғай стандарты сатылай жүргізілетін болады. Сондықтан да Қазақстан азаматтарына әліпбиді меңгеру еш қиындық туғызбайды", - деді Ербол Тілешов.
Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы жаңа әліпбиде тек латын әліпбиінің байырғы әріптері болатынын айтып өтті.
"Латын әріптері түрлі диакритикалық таңбалармен ерекшеленеді. Яғни, онда нүкте мен үтір деген жоқ. (…) Мысалы, бізге басқа елдерден әкелініп жатқан ұялы телефондарда, смартфондарда және хат алмасатын басқа да құралдарда тек 26 латын әрпі бар. Біз жаңа латын әліпбиіне диакритикалық таңбаларды қосатын болсақ, қазақ тілінің өзінің кейбір дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде жастар ә әрпін а әрпіне, қ әріпін к әрпіне ауыстырып жаза береді, кейбіреулері тіпті ғ, ң, ү, ұ дыбыстарын мүлде елемейді", - деді Ербол Тілешов.
Тағы оқыңыздар: Маңғыстаулық Барби қауіптен қорықпайдыЕске сала кетейік, бүгін ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өтіп жатыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="35139,35140,35143,35144,35145"]