Ақтау қаласында тұратын екі жанұяның Ирактағы жанжал болып жатқан аймақтан шығарылғаны туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Әнуар Жайнақов өз фейсбук парақшасында фейсбук парақшасында хабарлады.
«Ирактағы жанжал болып жатқан аймағынан шығарылған еліміздің төрт азаматы Ресей тарапының жәрдемімен Казақстанға жеткізілді. Олардың ішінде 1985 жылы туған әйел мен оның кәмелет жасқа толмаған үш баласы бар. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтықтары бар үш бала мен олардың анасы, Ресей азаматшасы, Грозный қаласына жеткізіліп, сол жақта қалуды жалғастыруда. Жанұялардың екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары», - деп хабарлады Ә. Жайнақов.
Тағы оқыңыздар: Үйлену тойы кортежінің жүргізушілері әкімшілік жауапқа тартылдыӨзге қазақстандықтар әлі де Иракта. Қазіргі таңда Қазақстанның Иорданиядағы және Ирактағы консулы оларды отанға жеткізу мәселесін пысықтауда.