©
Жаз маусымында Түпқараған ауданында 4358 оқушы жазғы лагерьмен қамтылған. Осылайша, аудан бойынша балалардың жазғы лагерьмен қамтылуы 70,1 пайызды құраған. Одан бөлек, Елорда төрінде өтіп жатқан ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ауданның 11-14 жас аралығындағы 120 аз қамтылған отбасы балалары қатысып келген. Бұл жайында Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева мәлімдеді.
-ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орташа көрсеткіші 80,54 балды құрап, облыс бойынша І орынды иеленді. 75 оқушымыз грантқа тапсырды, оның ішінде «Серпін» бағдарламасы бойынша-28. Жеті оқушысымыз «Алтын белгіні» қорғап, мемлекеттік грант иегері атанды,-дейді Түпқараған аудандық білім бөлімінің басшысы Айбаршын Утесбаева.
Биылғы жаңа оқу жылын аудан 9 жалпы білім беретін күндізгі мектеппен бастамақшы. Мұндағы оқушылар саны-7100. Оның ішінде мектепалды даярлыққа - 830, 1-сыныпқа 928 бала келеді деп жоспарлануда.
Тағы оқыңыздар: Құрбан шалу—сауапты амалСондай-ақ, ауданда биыл он жыл қатарынан «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылған. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткен акция аясында 500 оқушыға көмек көрсетілген. Салыстармалы түрде айтар болсақ, 2016-2017 оқу жылында аудан бойынша 394 оқушыға 6 283 500 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, оқумен қамтылмаған балалар мен жасөспірімдерді анықтау мақсатында 178 рет рейд ұйымдастырылған болатын.
Венера МИРЛАН