©
Сай-Өтес станциясы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды. Акция аясында «Өтес орта» мектебінің аз қамтылған жəне жартылай жетім отбасы оқушыларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен мектеп формасын сыйға тартты.
-Қайырымдылық іске белсене атсалысып, балаларға шаттық сыйлаған жеке құрамға алғыс айтамын. Қазақстан Республикасы ІІМ Əкімшілік полиция комитетінің нұсқауына сəйкес 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты республикалық акция өткізілуде. Акцияның басты мақсаты-материалдық тұрғыда аз қамтылған жəне көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек қолын созу,-дейді Сай-Өтес станциясы желілік полиция бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант А.Умарбаев.
Венера МИРЛАН