Мемлекеттік қолдау бағдарламалары аясында қаламызда жаңа «Бастау» қонақ үйі өз қызметін бастады. Өткен аптада сәулетті нысанның ашылу салтанаты өтіп, ғимараттың лентасы қиылды. - Қонақ үйдің құрылысы бұдан екі жыл бұрын басталған. Сыртқы жұмыстарын өз қаражатыма жасаттым. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының кепіл болуымен «Халық банкінен» 85 миллион теңге несие алдым. Он сегіз пайызбен берілген қаражаттың 10 пайызын «Даму» қоры, 8 пайызын өзім төлеймін, - дейді кәсіпкер Дариға Иксатова. Қонақүйдің мәжіліс залы, мейрамханасы және жаздық кафесі бар. Бесінші қабатта орналасқан кафеден бүкіл қаланы тамашалауға болады. Ал, бөлмелері стандарт, жартылай люкс, бизнес люкс болып бөлінген. Қонақ үйде отызға жуық қызметкер еңбек ететін болады. Соның жиырма бесі жұмыспен қамту орталығы арқылы арнайы білім алған жастар.
Жаңаөзен - Ақпарат