57 адамнан тұратын аталған отбасылар Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарына көшіп кетті. Сондай-ақ қазіргі уақытта 20 адамнан тұратын 6 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп отыр.
Бұл туралы ерікті түрде қоныс аудару бөлімінің бастығы Э.Тасқынбаева хабарлады.
Өңірлік жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бүгінде Шығыс Қазақстан облысына 219 маман керек: 79-ы – білім саласына, 46-сы – денсаулық сақтау саласына, мемлекеттік қызметке 8 адам, қалғандары ауылшаруашылығы, коммуналдық шаруашылық саласына қажет.
Ал Павлодар облысында 500-ден астам, Қостанай облысында 300-дей бос жұмыс орыны бар. Бұл аймақтарға дәрігер, ветеринар, фельдшер, мұғалім, механизатор, жүргізуші, арнайы техника жүргізушісі, газбен-электрмен дәнекерлеуші сынды мамандар керек.
Солтүстік Қазақстан облысы ауылшаруашылығы саласында 108 маман, 337 мұғалім, денсаулық саласында 98 маман, бюджет саласында 76 маман, басқа да 171 маманға зәру. Мұнда барлығы 790 бос жұмыс орыны бар.
Э.Тасқынбаеваның айтуынша, көшіп барғандар тұрғын үймен қамтамасыз етіледі, сонымен қатар бір жылдық коммуналдық ақысы мемлекет есебінен төленеді және көшуге көмек көрсетіледі. Әрі жұмысқа орналасқаннан кейін жәрдемақы төленеді.
Кәмшат ӘБДІРАЙЫМ