©
22 шілде күні Ақтауда бірінен соң бірі қатарынан екі өрт оқиғасы орын алды. Оның салдарынан үш адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ баспасөз қызметі хабарлады.
Бірінші хабарлама сағат 14:00 шамасында келген. Өрт 15 шағын аудандағы 9-үйдің төртінші қабатында тұтанған.
Оқиға орнына құтқарушылар дереу жетіп, жалынды өшіруге кірісіп кетеді. Бұл өртпен күресіп жатқанда екінші қоңырау келіп түседі. 5 шағын аудан, 32 үйдегі жағдай да осыған ұқсас болып шығады. Өрт төртінші қабаттың қылтимасынан (балкон) тұтанған.
-15 шағын ауданға өрт сөндірушілер жеткенше полиция қызметкерлері үй иесін сыртқа шығарыпты. Азамат «Апаттар медицинасы орталығы» ММ қызметкерлерінің қолына тапсырылған. Шамамен 10 шаршы метр жер отқа оранған. Қылтима (балкон) түгелдей дерлік жанып кеткен, пәтер де жалынға қақталған. Өрт бесінші қабаттың қылтимасының сыртқы бөлігін де шарпып өткен. Оқиға кезінде үйден 20 адам сыртқа шығарылды. Оның жетеуі – балалар, - дейді құтқарушылар.
5 шағын аудандағы өрттен екі адам зардап шекті. Жедел жәрдем қызметкерлері көмірқышқыл газына уланған, денесінің 18 пайызын күйік шалған ер мен әйелді аруханаға алып кетті.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="30868,30873,30872,30870,30871"]Дереккөз: lada.kz