©
22 шілдеден 23 шілдеге қараған түні Маңғыстау облыстық әкімдігі ғимараты алдына жол апат орын алды.
Оқиға орнына патрульді көлік пен қос жедел жәрдем машинасы жетті.
Куәгерлердің айтуынша, Toyota FJ Cruiser және Lada Priora көліктері соқтығысқан. Нәтижесінде көліктің бірі жол жиегіндегі бағанаға соғылған.
Жол полициясы қызметкерлерінің айтуынша, көліктің тізгіншілерін наркологиялық тексеруден өткізуге жіберген.
Апаттан 1990, 1989 жылы туылған екі ер азамат және 1988 жылы дүниеге келген әйел адам зардап шеккен. Олар жебел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген.
Дәрігерлер оларға бірнеше диагноз қойды: бастың соғылуы, екеуінде тізе буыны жарақаты, мойыномыртқаның жұмсақ тіндерінің, аяқтың соғылуы, кеуде, сол жақ иектің жарақаты. Медициналық көмек көрсетілген соң олар үйлеріне қайтарылды.
Дереккөз: lada.kz