©
Өзінің екі ғасырға жуықтап қалған тарихымен таныс Түпқараған мүйісіндегі Тастақты бұйрат Қорғантас 1846 жылы салынған Новопетровск бекінісінен бұрын бекініс болғанын білесіз бе?
Бекініс салуға стратегиялық тұрғыдан ең қолайлы нүкте ретінде таңдалған бұл бекіністің тарихымен танысып, қызық мәліметтерге қанықтым. Сонымен Кетіктен Новопетровск бекінісіне дейін де әскери бекініс болғаны белгілі. Кейін сол бекініс негізінде Новопетровск бекінісінің ресми түрде құжатқа еніп, Форт-Шевченко тарихының бастауы ретінде көрсетіліп келуі қайта бой көтерген бекіністің тарихымен байланысты еді.
Есбол Өмірбаевтың «Кетіктен Фортқа дейін» мақалсында бұл бекініске дейін «Святой Петр» бекінісі болып Бековичтың 1716 жылы бекініс орнату экспедициясына тапсырма алып, қабырғасын көтеруге 1200 адамдық полк қалдырғаны туралы дерек бар. Осы еңбекте «Святой Петр» бекінісі қазіргі Форт-Шевченко қаласының «Дарын» қосымша білім беру орталығы (ел ауызындағы көк мектеп аталған) орналасқан ғимараттан аудандық ішкі істер бөліміне дейінгі аралықты алып орналасқандығы жазылған.
Тау құламасынан төмен сорға дейін де қорғандар болғаны мәлім. Бұл үлкен жерде қоймалар мен казарма, шеберханалар орналасқан. Ең қызығы, бекіністің бірінші құрылысында Кетік қаланың даяр тұрған Кетік керуен сарайының тастары кәдеге асқандығы сөз болады. Бұл деректерге көз жүгірте отыра, Кетік керуен сарайының осы жерде болғанын, сондай-ақ, сәулет өнерінен қазақтардың орыс ұлтының алдын орағанын астын сызып атап кету керек.
Тау тасынан кесіліп, балшықсыз таудың қызыл тастарын байлап құрылыс жүргізген сәулет өнерінен дым қалмаса да, Новопетровск бекінісінің қабырға қамалдарынан үйінділер көруге болады. Қазіргі мәдениет үйінің тау бетінен үлкен апан қазылып, ол таспен өріліп, есік салынып сол арқылы жерден су тартып ішкендері туралы да жазба бар. Кейбір ел аузындағы деректерде тау үстіне дейін дәл осы мәдениет үйінен өтіп, сорға шығатын бетте жер асты жолы бар екені де айтылып жүр. Алайда бұл жол мүлдем зерттелмеген.
Дәл осы қамалдың амалсыз қалдырылуы сол кездегі күннен–күнге тайыздап бара жатырған теңіз бен керуен жолдарынан және бір бүйірдегі түпте болғандығынан болашағы жоқ болып шығады. Кейін Орынбор генерал-Губернаторы Перовский тапсырмасымен Н.Бодиско мен Ширковты жаңа қамал орнын анықтауға жібергенде осы қамал орны қолайлы болып қайта таңдалады. Осыдан 170 жыл бұрын М.М. Иванинның бастауымен Новопетровск қамалының іргетасы қаланады.
Қамалдың алғашқы құрылысшы-архитекторы ұлты неміс Генрих деген сәулетші болады. Дәл осы дерекпен Әбілқайыр Спанның «Қарашаңырақ» кітабынан таныса аламыз. 1857 жылы теңіз жағалық әскери бекініс ретінде Форт және Александр патшаның есімі қосылып, Форт-Александровск болып өзгерсе, 1896 жылы Россия қалаларының статусына еніп, қала атағы беріледі.
Кейін 1982 жылдан соң, нақтырақ айтқанда, 1939 жылы осы жерде өмірінің айдаудағы қиын кезеңдерін өткізген Тарас-Шевченконың туғанына 125 жылды атау мерекесі кезінде Форт-Шевченко деген жаңа атау алады.
Биыл 170 жылдық мерекесін өткізгелі отырған бұл шағын қала тарихы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғаны қуантады. Дәл осы тұста Форт-Шевченко бағзы Кетіктің керуен сарайы тасынан алынып салынғанын ескергеніміз абзал. Бұл бекіністі орыстар Кетік шоқыларын салмас бұрын, Кетік керуен сарайының болғанын алға тартып қаламыз. Ақкетік атауын қайтарса деген бізден бір тілек бар. Бүгін не бір күнде шешілер шаруа емес екенін, бұл тақырыптан өзге тақырып екенін біле отыра, бұл ұсынысымызды уақыт еншісіне тапсырдық.
Милана ЕЛЕУСІНОВА