Бүгінде аймақта туризмді дамыту бағытында MTravel (Mangystau Travel) бірінші мобильдік қосымшасы белсенді жұмыс жасайды. Сонымен қатар туризм саласындағы және облыстағы оқиғалармен күн сайын танысып отыру үшін mangystau.info интернет-порталы да іске қосылды. Бұл жайында Маңғыстау облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова мәлімдеді.
Mtravel - ол туризм саласында маңызды оқиғалармен және ең соңғы жаңалықтармен тегін танысуға, орналасу және демалу үшін ұсыныстарды қарауға, тарихи ескерткіштермен және табиғи нысандармен танысуға, олардың ішінше ең үздігіне өз маршрутын жасауға мүмкіндік беретін ыңғайлы мобильді туристік жолсілтеме. Осы қосымшаның көмегімен өңірдің туристік саласының мүмкіндіктері және туристік әлеуеті туралы көп ақпаратты біле аласыз. Сайтта Ақтау қаласының қонақ үйлерін туристердің іздеуі үшін booking.com модулі іске қосылды. Демалыс базаларын кеңінен тарататын «Каспий теңізі жағасындағы демалыс» бөлімі құрылды. Мұнда әрбір демалыс базалары туралы мәліметтер, бағасы, брондау жолдары және қосымша ақпараттар көрсетілген,-дейді Маңғыстау облыстық туризм басқармасының басшысы Гүлжан Байжауынова.
Басқарма басшысының айтуынша, сайтты смартфондардан қарағандардың саны 49,3 %-ға, компьютерден қарағандардың саны 47,5 %-ға өскен. Жалпы сайтқа тәулігіне 400-ге жуық адам кіреді.
Венера МИРЛАН