©
Басқарма басшысының орынбасары болып Құрманбек Жұмағали тағайындалды.
Ол 1985 жылы 7 тамызда дүниеге келген, 2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.
Масс-медиа және телеменеджмент саласында 10 жылға жуық тәжірибесі бар.
Бұрын Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоры ҚҚ директоры, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметінің жетекшісі, «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар Дирекциясының және аймақтық дамыту Дирекциясының директоры, ұлттық арнадағы «Сенбілік кездесу» ток-шоуының жүргізушісі, Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарған, сондай-ақ «Хабар» арнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының продюсері, қорытынды жаңалықтар жүргізушісі болды.