Мереке иелерін құттықтады
[ 2017 ] 23 маусым, 06:28 | Жаңалықтар
23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай қалалық әкімдікте салтанатты жиын өтті. Шарада құттықтау сөз алған қала әкімі Елубай Әбілов мемлекеттік қызметкерлерге ізгі тілегін білдіріп, осы салаға бірнеше жыл еңбек сіңірген жоғары білікті мамандарды марапаттады.
- Бүгінгі күні Жаңаөзен қаласының әкімдігінде 121 мемлекеттік қызметші, 108 жоғары білімді, 13 арнаулы орта білімді маман қызмет етеді. Олардың барлығына үлкен міндеттер жүктеліп отыр. «Басты міндет – елге қызмет» деген жауапты сөзді еске сала отырып, мемлекеттік қызметші деген абыройлы атаққа үнемі лайықты қызмет атқаруға шақырамын, - деді, Е.Жақайұлы.
Мемлекеттік қызметтегі адал еңбегі үшін Жаңаөзен қаласының әкімінің Алғыс хатымен қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы Мереке Рымбаев, білім бөлімінің сектор меңгерушісі Лиза Акушакова, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-ның сектор меңгерушісі Роза Иманбаева, Жаңаөзен қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өңдеу бөлімінің бас маманы Құралай Тілгенова, қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Бағира Оңғарбаева, экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Әлішер Жалмағанбетов марапатталды. Сонымен қатар, міндетін жауапты атқарғаны үшін қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің бас маманы Ғалия Сәулебаеваға ҚР-ның мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының Алғыс хаты табысталды.
Марапаттау рәсімінен соң мемлекеттік қызметке жаңа қабылданған қалалық азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Сәуле Насырова, Қызылсай ауылы әкімі аппаратының бас маманы Ақбөбек Жанжігітова, қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы Нияз Жоламанов салтанатты түрде ант қабылдады. Айта кетейік, 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығында конкурс арқылы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің мемлекеттік қызметшілері қатарына 9 жас маман қосылған.
Ж.Ақбергенова
912
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.