©
Киелі Түркістан қаласында кіші жасөспірімдер арасында самбодан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті. Байрақты бәсекеде облыстық «Жас батыр» мамандандырылған балалар мен жастар спорт мектебінің 4 балуаны топ жарып, чемпиондар сапынан көрінді. Қуанышты жаңалықпен балуандарды жарысқа дайындаған белгілі бапкерлер Берік Жұмағалиев пен Ерлан Серіков бөлісті. Жарысқа еліміздің әр өңірінен келген 2001-2002 жылы туған 400-ге жуық балуан қатысты. Олардың арасынан 44 келі салмақта Әйгерім Еламанова, 66 келі салмақта Нұрбек Қуанышұлы, +84 келі салмақта Мұхаммед Зұлқарнаев жеңіс тұғырынан көрініп, чемпион атанды. Одан бөлек 50 келі салмақта Дәурен Төлегенов күміс жүлдеге қол жеткізді. -Самбодан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты 17-18 маусым аралығында Түркістан қаласында өтті. Жарысқа 15 шәкіртімді дайындап апардым, оның ішінен 4-еуі жеңімпаз атанды. Жалпы командалық есепте маңғыстаулықтар бірінші орынды иеленгенін айта кеткім келеді. Жарыстан жеңімпаз атанған төрт шәкіртім қыркүйек айында Ресейде өтетін Әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды,-дейді облыстың жасөспірімдер арасында самбо күресінен аға жаттықтырушысы Ерлан Серіков.Венера МИРЛАН