Берік Шолпанқұлов жекешелендірудің «екінші толқынын» іске асырудың нәтижелері туралы айтып берді
[ 2017 ] 22 маусым, 04:40 | Жаңалықтар
Жекешелендірудің «екінші толқынының» шеңберінде 2014 жылдың маусымынан бастап барлығы 569 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 447 объекті 125,4 млрд. теңгеге сатылды, оның ішінде:
республикалық меншік бойынша – 33 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 29 объекті 10,8 млрд. теңгеге сатылды;
коммуналдық меншік бойынша – 270 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 214 объекті 19,2 млрд. теңгеге сатылды;
әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша – 122 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 107 объекті 6,8 млрд. теңгеге сатылды;
ұлттық холдингтер мен компаниялар бойынша – 144 объекті сауда-саттыққа шығарылып, 97 объекті 88,6 млрд. теңгеге сатылды.
Қазіргі уақытта қолданыстағы Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына 878 енгізілген (түгендеу нәтижесі бойынша қосымша енгізілгендерді есептегенде),
оның 217-сі сатылған.
Сатылған 217 объектінің 18-і республикалық меншікт объектілері, 106-сы коммуналдық меншік объектілері, 93-і квазимемлекеттік сектор объектілері.
744
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.