2017-2031 жылдарға арналған «Нұрлы жер» бағдарламасы
[ 2017 ] 19 маусым, 05:11 | Жаңалықтар
«Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» бағдарламалары бойынша ақпарат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылдың 6 сәуіріндегі №1030 Үкімімен бекітілген
«Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша, 2017 жылы Маңғыстау облысына облигациялық қарыз есебінен -
1336,788 млн.теңге бөлінді. Бұл қаражатқа жалпы алаңы – 83,6 мың ш.м. (жалпы пәтерлер саны - 1198) төмендегідей тұрғын үйлер құрылысы салынуда:
- Ақтау қаласының 33 «Аққу» шағынауданында үшінші кезектегі тұрғын үйлері, жалпы пәтерлер саны - 670, нысан 2018 жылға өтеді.
- Ақтау қаласының 34 шағынауданында 340 пәтерлі тұрғын үйлері.
- Мұнайлы ауданында тиімділігі ІІІ класс санатымен екі 24 пәтерлі тұрғын үйлер.
- Мұнайлы ауданында тиімділігі ІV класс санатымен он 24 пәтерлі тұрғын үйлер.
370 пәтерлі тұрғын үйден басқасының барлығын 2017 жылдың аяғында тапсыру жоспарланған. 01.06.2017 жыл жағдайына игерілген қаражат – 806,482 млн. теңге.
ҚР Президентінің тапсырмасымен 2016 жылы Үкімет
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысының біріңғай бағдарламасын жасақтады. Аталған бағдарлама ипотекалық несиені қолдауға бағытталған. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында Ұлттық қордан
1 562,5 млн. теңге бөлініп, бұл қаражат жалпы алаңы -12,1 мың ш.м. (жалпы пәтер саны - 216) сатып алу құқынсыз жалға берілетін мынадай тұрғын үй құрылыстарына жұмсалуда:
- Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосында, тиімділігі ІV класс санатымен сегіз 24 пәтерлік төртқабатты жалға берілетін тұрғын үйлер, нысан 2018 жылға өтпелі.
- Мұнайлы ауданы, Батыр селосының «Емір» шағынауданында 40 төртпәтерлік тұрғын үйлер, 2017 жылы 17 үй тапсырылады, қалған 23-і 2018 жылға өтпелі.
Қазіргі уақытта Ақтау қаласының 19 А шағынауданында тоғыз қабатты тиімділігі ІV класс санатымен 7 тұрғын үй құрылысына жоба жасақталуда, құрылыс жұмыстары 2018жылы басталады.
Бағдарлама аясында, тұрғын үйлерді мерзімінде тапсыруды және инженерлік желілермен жабдықтау мақсатында,
ИКИ құрылысына республикалық бюджеттен -
271,688 млн. теңге, Ұлттық қордан -
4067,622 млн. теңге қаражат бөлінді.
Қаражат Ақтау қаласының 32 А және 34 шағынаудандарында инженерлік желілер құрылысына, Жыңғылды тұрғын массиві мен Атамекен, Баянды -3 селоларын сумен жабдықтау құрылысына, Батыр селосының сумен жабдықтаудың 1 және 2 кезектегі құрылысына және С.Шапағатов селосын газ және электр желілері құрылысына жұмсалуда. Батыр селосының сумен жабдықтау 2 – кезекті құрылысына басқасын ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.
01.06.2017 жылдың жағдайына игерілген қаражат: РБ-тен –
110,0 млн. теңге және Ұлттық қордан –
1203,956 млн. теңге.
709,0 мың ш.м. жылдық жоспардан 01.06.2017ж. жағдайы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі -
320,7 мың ш.м.
Сондай-ақ, қолжетімді тұрғын үй жетіспеушілігінің мәселесін шешу үшін келешегі бар және қолжетімді құрал ретінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысы арттырылады. Осыған байланысты жалға берілетін тұрғын үй құрылысын дамытуға төмендегі бағыттар арқылы Ұлттық қордан қаржыландыру жолымен тұрғын үй инфрақұрылымы бекиді:
«Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ- 32 А шағынауданда коммерциялық жайларымен 9-14 қабатты тұрғын үйлер. Жалпы алаңы -48,9 мың ш.м., жалпы пәтерлер саны – 812.
«Қазақстан Ипотекалық Комппаниясы» АҚ -32 А шағынауданда жалпы алаңы 7,7 мың ш.м. 150 пәтерлік 5 қабатты және жалпы алаңы 17,6 мың ш.м 328 пәтерлі 7-9 қабатты тұрғын үйлер құрылысы.
«Бәйтерек-Девелопмент» АҚ – 17 шағынаудандағы жалпы алаңы -34,2 мың ш.м. 540 пәтерлік «Айрақты» тұрғын кешені.
«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасында тұрғын үй құрылысын одан әрі дамыту, оның ішінде
жеке тұрғын үй салу бойынша пилоттық жобаны іске асыру көзделген.
Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес үй құрылысы комбинаттарының технологияларын қолдану жолымен ЖТҚ және ИКИ жүргізуді ұйымдастырады.
Осыған байланысты Сәулет құрылыс басқармасында С. С.Шапагатов селосындағы - 412,6 га, Ақшұқыр селосындағы – 700,5 га және Ақтау қаласы мен Ақшұқыр селосы арасындағы – 850 га қордағы жер алаңдарына егжей тегжейлі жоспар жасақталуда.
Бекжанов Лепес Бекжанович
1145
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.