Ақтауда медицина қызметкерлері марапатталды (ВИДЕО)
[ 2017 ] 17 маусым, 13:02 | Жаңалықтар
Маусым айының үшінші жексенбісі – ҚР медицина қызметкерлері күні. Осы мерекеге орай, Маңғыстауда медицина саласына еңбегі сіңген қызметкерлер марапатталды. Өңірде денсаулық сақтау бойынша атап айтар жетістік көп. Маңғыстау бала дүниеге әкелу жөнінен республикада соңғы жылдар ішінде алғашқы орында келеді. «Маңғыстауда табиғи өсім 1,5 есе артып, ана өлімі 4 есе, сәби өлімі 18% төмендеді. Бұл жетістіктер, бүгінгі таңда қызмет атқарып жатқан мың жарым дәрігер мен 5 мыңға жуық орта буын медицина қызметкерлерінің жұмысының нәтижесі деп білеміз», - дейді облыс әкімі Ералы Тоғжанов.
Салтанатты жиында алғаш сөз алған Ералы Тоғжанов медицина қызметкерлерін мерекемен құттықтады:
- Күн сайын мыңдаған маңғыстаулықтар дәрігерлерге жүгініп, бір мыңға жуық пациент стационарларда емделеді. Күнделікті 60-тан астам әйел «ана» атанады. Ал, хирургтер тәулігіне 50-ден астам науқасқа ота жасаса, күн сайын жедел-жәрдем қызметі200-ден астам шақыруға барады. Осы көрсеткіштердің артында - медициналық қызметкерлерінің ерен еңбегі мен мыңдаған құтқарылған өмір тұр. Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыздың нәтижесін – аймақтағы халық денсаулығына байланысты көрсеткіштердің жақсаруынан көруге болады. Медицина мамандарының ішінде өз қызметіне адал, білімді дәрігерлер мен мейірбикелер аз емес. Олар өмірінің көп жылдарын осы мақсатқа арнап, таңдап алған кәсібінен айнымай, еңбектегі жетістіктерімен баршамызды қуантуда! Баршаңызды төл мерекелеріңіз - Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дертіне шипа іздеген әр науқасқа көмек қолын созып, салауатты өмір салтын қалыптастыруда – ақ халатты абзал жандардың алар орны ерекше. Бүгін марапатталған медицина қызметкерлерінің тізімі төмендегідей.
Марапаттар:
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медаліменен:
Хусайнова Әния Сабыррахым қызы
Терапевт
№ 2 Ақтау қалалық емханасы
Мухамбеткалиева Кінәзбике Ихсанбаевна
мейіргер
«№1 Ақтау қалалық емхана»
Джансупов Шайх Ғимран ұлы
Травматология бөлімінің меңгерушісі
«Жанаөзен қалалық орталық ауруханасы»
https://www.youtube.com/watch?v=x9yVBFjm064
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі мен:
Кемалов Сырлыбай Амангельдиевич
Жан сақтау бөлімінің меңгерушісі
«Облыстық инфекциялық ауруханасы»
Утешева Мария Бекбергеновна
Консервативті гинекология бөлімінің меңгерушісі
«Облыстық перинаталдық орталығы»
Мухамбетярова
Нурсулу Аманбековна
Директор
«Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемаларының орталығы»
Суйналиев Салават Шайханович
Анестезиолог- реаниматолог
«Ақтау қалалық перинаталдық орталығы»
Сауменова Сауле Талаповна
Аға дәрігер
«Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»
Аяғанов Ізғали Асқарұлы
Дәрігер-стоматолог
Әскери госпиталь
Нурманова Гулжан Сагыновна
Жалпы тәжірибелі дәрігер
«Мұнайлы орталық аудандық ауруханасы»
https://www.youtube.com/watch?v=xAk_NKtFX_I
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен:
Ешимова Алия Калдыбаевна
Директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары
«Облыстық балалар ауруханасы»
Бердиева Жумакул Конакбаевна
Акушер-гинеколог дәрігері
«№ 2 Ақтау қалалық емханасы
Кожиева Гулжан Шакимовна
Психиатр дәрігері
«Облыстық психоневрологиялық диспансері»
Тулеубекова Шарай Уразбековна
Аға мейіргер
«Облыстық наркологиялық диспансері»
Танирбергенова Римма Батыровна
Жалпы тәжірибелі дәрігер
«Қарақия орталық аудандық ауруханасы»
Мухаметов Аймет Полатович
Директордың медицина бөлімі жөніндегі орынбасары
«Маңғыстау облыстық ауруханасы»
Жыйынбаева Зинагул Косаевна
Перзентхана бөлімінің меңгерушісі
«Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы»
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы»-мен:
Уразова Аида Жумагелдиевна
Химиотерапия бөлімінің меңгерушісі
«Облыстық онкологиялық диспансері»
Нурсултанова Шынаргуль Саурбековна
Аға мейіргер
«Облыстық перинаталдық орталығы»
Мулдашева Полина Александровна
Ішкі аудит жетекшісі
«Маңғыстау облыстық ауруханасы»
Байкулова Қурал Асыбаевна
Палаталық мейіргер
«Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасы»
Саулеева Асылхан Ермековна
Линиялық фельдшер
«Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»
Быкилова Нурсулу Сисенгалиевна
Жалпы тәжірибелік дәрігер
«Қарақия орталық аудандық ауруханасы»
Оралшаева Тлектес Тулемисовна
терапевт
«Жетібай ауылдық ауруханасы»
Тулеугалиева Нурзия Елдосовна
Директордың ұйымдастыру-методикалық ісі бойынша орынбасары
«Түпқараған орталық аудандық ауруханасы»
Решова Агиба Жылкыбаевна
Терапевтік телімнің мейірбикесі
«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы»
Абдыкалиева Ажарбиби Назархожаевна
Аға фельдшер
«Жаңаөзен қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Алғыс хаты» - мен:
Канаев Амирхан Айтбаевич
Хирург
«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы»
Джансупова Заида Максутовна
Аға мейіргер
«№1 Ақтау қалалық емхана»
Молдабекова Алтынай Сабытаевна
Линиялық бала дәрігері
«Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»
Таласбаева Ольга Геннадьевна
лаборант
«Жұқтырылған иммун тапшылығы синдромының алдын алу және оған
қарсы күрес жөніндегі Маңғыстау облыстық орталығы»
Имангалина Турсынгул
Мажкеновна
терапевт
«Жанаөзен қалалық орталық ауруханасы»
Кобенова Акпанар Жауынбаевна
Жұқпалы аурулар бөлімінің мейірбикесі
«Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы»
Дуйсекенов Жасталап Жаннатович
Анестезиолог-реаниматолог дәрігер
«Маңғыстау облыстық ауруханасы»
Муханова Ауес Камилевна
Бас маман
«Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы»
Маңғыстау облысы әкімінің « Алғыс хаты»-мен:
Джариев
Нурлан Нуратдинович
Директордың м.а.
«Облыстық онкологиялық диспансері»
Шунгилов
Нурахан Калиевич
Хирург
«Бейнеу орталық аудандық ауруханасы»
Амирова Бибиш Турганбаевна
Кардиология және аритмология бөлімшесінің меңгерушісі
«Маңғыстау облыстық ауруханасы»
Таджиков Джангельди Кулунович
Офтольмолог дәрігері
Медициналық орталығы «Нейрон» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Комарова
Татьяна Юрьевна
Бас дәрігердің орынбасары
Медициналық орталығы «Ча-Кур» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Чотабаева Гулнара Базарбаевна
Линиялық бригада дәрігері
«Қалалық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясы»
Акжигитов Тынышбек
Күндізгі емдеу бөлімінің терапевт дәрігері
«Маңғыстау аудандық орталық ауруханасы»
Үздік дәрігер» аталымымен Жаңаөзен қалалық балалар ауруханасының реаниматолог-дәрігері - Бекбаев Мереке;
«Үздік ауыл дәрігері» аталымымен Мұнайлы ауданы Дәулет ауылдық емханасының аға дәрігері - Өтеғұлова Роза
«Үздік » аталымымен Облыстық стоматологиялық орталықтың мейіргері Сабақбаева Гүлбаршын марапатталды. Медицина қызметкерлерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!
Айгүл ДӘДЕН
Бейнежазбаны түсірген автор
2668
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.