Gismeteo.kz сайтының синоптиктерінің хабарлауынша, дүйсенбі, 12 маусым күні облысымызда күн ашық, +22°C...+23°C жылы болады. Сейсенбі күні ауа температурасы +23°С...+24°С, аздап бұлтты басады. Сәрсенбі күні де ауа райы ашық, +23°С...+26°С жылылықты көрсетеді. Бейсенбіде бұлтты күн райы күтілуде, десе де ауа температурасы +28°C дейін көтеріледі. Жауын жаууы ықтимал. Жұма күні аспан ашылып, сынап бағанасы +20°C...+23°C көрсететін болады. 19-23 маусым аралығына арналған ауа райы Accuweather.com сайтының синоптиктері алдымыздағы дүйсенбі күні ауа райының ашық болатынын хабарлайды. Сынап бағанасы +20°С...+24°С жылылықты көрсетеді. Сейсенбі күні термометр +22°...+23° көрсетіп, күн ашық болады. Дегенмен түс ауа аспанды бұл торлауы мүмкін. Бейсенбі күні синоптиктер аздаған нөсер жаңбыр болатындығын хабарлайды. Ауа температурасы +26°С. Жұма күні бұлтты ауа райы күтілуде, +22°С...+ 24°С. 26-30 маусым аралығына арналған ауа райы rp5.ru сайты дүйсенбі күні ауа райы ашық болатынын хабарлайды. Сейсенбі күн бұлт басып, жаңбыр жаууы мүмкін. Термометр +21°...+24° дәрежесін көрсетеді. Ал сәрсенбі күні ауа райы ыстық болады деп күтілуде. Сынап бағанасы +26°С...+29°С көрсетеді. Жұма күні +22°C...+24°C, күн ашық болады. Осы жылы Маңғыстау облысында жаңбыр әдеттегіден көп болады деп күтілуде. Сондықтан, қолшатырларыңыз әрқашан дайын тұрсын деген кеңес береміз. Сіздерге табысты жұмыс, әрдайым жайдары көңіл-күй тілейміз. Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 12 маусымнан бастап қатты жауын мен 15-20 м/с желдің ұйытқуы болуы мүмкін.